Соққыға жығып, шенінен айырылды

21 ақпан 2019 20:15 2461 рет қаралды

Бейнежазбадан алынған кадр

Құрманғазы аудандық соты Құрманғазы ауданы орталығында «Сушняк» кафесінің қожайынын ұрып-соққан екі полиция офицеріне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Бұл оқиға өткен жылдың қазан айында төбелестің бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап кеткеннен кейін резонансқа айналған еді.

Тергеу барысында анықталғандай, 2018 жылдың 1 шілдесінде «Сушняк» кафесінде отырған Құрманғазы АІІБ майоры Әміржан ЕРТАЕВ оның қожайыны Нұрсейіт ӘБУОВКЕ тіл тигізіп, содан кейін сыра саптыаяғымен басынан ұрады. Сол жерде болған Құрманғазы АІІБ бастығының орынбасары Жасұлан МҰҚАШЕВ та Әбуовке тап бергенімен, бірақ көбінесе оларды айырған.

Кейіннен Мұқашев «қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал Ертаевқа қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сотта ол кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде іс жүргізу келісімін жасауға келісті. Сот Ертаевты кінәлі деп тауып, оны 1 жылға бас бостандығын шектеуге және полиция майоры атағынан айыруға үкім шығарды. Енді бұрынғы полиция қызметкері (сотқа дейін жұмыстан шығарылған) жәбірленушіге 32 мың теңге көлемінде материалдық зиянды және 200 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуге міндетті.


Фархат ӘБІЛОВ





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.