Қазақстанда 20 сайттың жұмысы уақытша шектеледі

16 ақпан 13:50 735 рет қаралды


Телекоммуникациялық жабдықтарда жоспардан тыс жұмыстар жүргізілуіне байланысты 16 ақпанда сағат 21:00-ден 13:00-ге дейін кейбір сайт уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ .

Осыған байланысты, келесі интернет ресурстары қолжетімсіз болады: - Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы;

- «Электрондық Үкімет» Порталы; 

- «Электрондық Үкіметтің» Төлем Шлюзі;

- Қазақстан Республикасының Ұлттық Шлюзі; 

- «Электрондық үкіметтің» сыртқы шлюзі; 

- Қазақстан Республикасының Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі; 

- Міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі; 

 «Е-лицензиялау» Мемлекеттік деректер қоры; 

- «Ашық Үкімет» порталы; 

- «Тауарларды таңбалау» сервистік бағдарламалық өнімі»; 

- Сервистік бағдарламалық өнім «Монополист» базасы; 

- Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің сайты; 

- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Сайты.

АҚ келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. 




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.