АҚШ-та технология құпияларын ұрлаған Қытай ғалымы тұтқындалды

15 ақпан 14:28 426 рет қаралды


АҚШ зияткерлік меншік құқықты қорғауды күшейтпек. Құрама Штаттағы кеңесшілік алқасы АҚШ-та тұратын бір қытайлық ғалымның үстінен шағым түсіріп, бисфенолсыз жабындылар туралы сауда құпиялықтарын ұрлады деген айып тақты. 

Бұл туралы АҚШ Әділет департаментінің мәлімдемесінде, Мичиганда тұратын Ю Шяуроңға коммерциялық құпияларды ұрлаумен қоса ақша аудару алаяқтығы қатарлы 7 түрлі айып тағылған. Ю Шяуроңмен қатар Қытайдың Шандоң провинциясынан барған Лю атты қытайлық азамат та бар екені айтылған. АҚШ Әділет министрлігінің өкілдерінің айтуынша, Ю Шяуроңға қытайлық компаниялар сауда құпияларын ұрлап беру үшін 100 млн АҚШ доллары көлемінде ақы бергені туралы мәліметтер бар. Ондағы мақсаты – ұрланған сауда құпиялары арқылы америкалық компаниялармен бәсекелесе алатын жаңа қытайлық компанияны құру екені айтылған. 

Аталған департаменттің мәліметіне қарағанда, 56 жастағы Ю Шяуроң ханым 2012 жылдың желтоқсанынан 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Atlanta компаниясында санаулы негізгі инженердің бірі болып жұмыс істеген. Сондай-ақ, бисфенолсыз жабындылар технологиясына қол жеткізуі мүмкін санаулы адамдардың бірі болған. Қатысты ресми тұлғалардың мәліметіне қарағанда, Қытай өзінің «Мың дарынды» бағдарламасы арқылы ғалымдар мен мамандарды Құрама Штаттан зияткерлік меншік құқығын ұрлауға ынталандырады. 

АҚШ Әділет министрлігі бұл мәселеге байланысты тергеуді күшейтетінін мәлімдеді. Сол арқылы Қытайға мұндай қылмыстардың іскерлік қызметте және экономикалық дамуда қолайсыз тәжірибелер екенін дәлелдемек. Алдағы уақытта, аталған департамент ұлттық қауіпсіздік салаларымен селбесе отырып, Құрама Штаттағы зияткерлік меншік құқығын ұрлаушы ғалым-инженерлерді анықтауды қолға алмақ.

 

Дереккөз: qazaqtimes.com

 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.