Түркияда тікұшақ апатынан бірнеше адам қаза болды

12 ақпан 2019 11:49 616 рет қаралды


Түркияда Стамбулдың маңында шұғыл қонбақ болған әскери тікұшақ апатқа ұшырап, кемінде төрт әскери қаза тапты.

UH-1 тікұшағы 11 ақпанда Стамбулдың Чекмекей ауданындағы көппәтерлі үйлер кешеніне жақын маңға құлады деп хабарлады Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында қала губернаторы Әли Эрликая.

Стамбул прокуратурасы Anadolu агенттігіне апаттың себебі әзірге белгісіз екенін, бұл оқиғаға байланысты тексеру басталғанын хабарлаған.

Соңғы үш айда Стамбулда осымен екінші рет тікұшақ апаты тіркеліп отыр. Өткен жылы қарашада әскерилер мінген тікұшақ тұрғын үйлердің арасына құлағанда төрт адам ажал құшып, біреуі жараланған еді.

Дереккөз: azattyq.org



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.