​Эр-Рияд тақ мұрагерінің Хашогги өліміне қатысы жоқ екенін мәлімдеді

11 ақпан 2019 20:58 913 рет қаралды


«Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мохаммед бен Салманның журналист Джамаль Хашоггидің өліміне еш қатысы жоқ». 

Мұндай мәлімдемені осы елдің Сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр жасады. Оның айтуынша, мұндай айуандық әрекетті жергілікті шенеуніктер жүзеге асырған. 

Еске сала кетейік, өткен жылы қазан айында «Вашингтон пост» газетінде жұмыс істеген журналист Джамаль Хашогги Сауд Арабиясының Ыстамбұлдағы елшілігіне кіріп жоғалып кеткен еді. Кейін түрік полициясы дереу тергеу бастап, оның консулдықтың ішінде өлтірілгенін мәлімдеді. 

Ал ресми Эр-Рияд журналистің өлімін тек 2 аптадан кейін мойындап, 11 адамды қамады. Бірақ Хашоггидің денесі әлі табылған жоқ. Тергеу жалғасуда.

Дереккөз: 24.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.