​АҚШ пен Еуропада демократия деңгейі төмендеп барады - Politico

11 ақпан 12:34 120 рет қаралды


Freedom House ұйымының жыл сайынғы баяндамасында жаһандық демократияның деңгейі 13 жыл бойы төмендеп келе жатқаны жазылған.

Өткен аптада Вашингтонда жарияланған «2018 жылғы әлемдегі бостандық» атты баяндамада 1988-2005 жылдармен салыстырғанда 2005 -2018 жылдар аралығындағы демократия деңгейі 37 пайыздан 23 пайызға төмендегені айтылған. Politico басылымының жазуынша, 68 мемлекетте саяси құқық пен азаматтық бостандық әлсіреп, 50 мемлекетте керісінше жақсара бастаған. 

Автордың айтуынша, Еуропа мен АҚШтағы демократия деңгейі төмендеп кеткен. 

«Баяндамада Еуропа мен АҚШ-та экономикалық теңсіздік артып, ол адамның жеке статусына кері әсер етіп жатқаны айтылған. Бұл демократиялық институттардың әлсіреуінің негізгі себебі болса керек», деп жазады басылым. 

Дереккөз: inform.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру