«30 елге қара, өзіңе қара!», «Қазақстан билігі халықаралық рейтингке мән бере ме?», «БАҚ-та негативті азайту һәм билік транзиті тақырыбына тыйым», «П.Стронски: "Астанадағы өрт елдегі әлеуметтік мәселені қозғады"», «Дос Көшім. Сын көтермейтін екі “дәлел”».

11 ақпан 09:51 1360 рет қаралды

DALANEWS.KZ.  «30 елге қара, өзіңе қара!» - «Шетел инвесторы демократияны мойындай бермейтін елдерде жұмыс істеуге сұранып тұрады» деп санайтын Қазақстан билігі түбі оңбай опық жейді. 

AZATTYQ.ORG. «Қазақстан билігі халықаралық рейтингке мән бере ме?» - Қазақстан бірқатар экономика саласындағы халықаралық рейтингілерде позициясын жақсартып келеді. Бірақ құқық қорғау ұйымдарының рейтингілерінде "сыбайлас жемқорлық жайлаған, еркіндігі жоқ" елдердің қатарында тұр. Астана халықаралық бағалауға мән бере ме? Мұндай рейтингілер шешім қабылдау процесіне ықпал ете ме?

«Пол Стронски: "Астанадағы өрт елдегі әлеуметтік мәселені қозғады"» - Батыс басылымдары осы аптада бес бала қаза тапқан Астанадағы өрт туралы, "сергелдеңге түскен" Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбайдың белгісіз жағдайы жайлы жазды.

«40 жылдық төңкерістің қырықтағыға әсері» - Ирандағы ислам революциясына 40 жыл толды. Революцияны көргендер мен осы оқиға тұсында дүние келгендер төңкерістің өздеріне қалай әсер еткені жайлы ойларымен бөліседі.

«БАҚ-та негативті азайту һәм билік транзиті тақырыбына тыйым» - Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елдегі билік транзиті тақырыбын “жабуға” шақырды. Ал ақпарат құралдарының жазуынша, Абаевтың орынбасары “негативті контентті азайту бойынша” жергілікті ақпарат құралдарының редакцияларымен жұмыс істеп жатқандарын айтқан. Азаттық тілшісі әңгімеге тартқан сарапшылар жоғары лауазымды шенеуніктердің бұл сөздерінен цензура белгісін байқаған.

«Қытай қазағы Өзбекстан президентінен көмек сұрайды» - Қытайда туған этникалық қазақ Ғалымбек Шағыман Ташкент әуежайынан шыға алмай отыр. Бизнеспен айналысатын Қытай қазағы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке өтініш жасап, Қытайға экстрадицияламауды сұраған.

QAMSHY.KZ. «Сіз қазақ келіні секілді британ королі әйелдерінің де "сәлем салатынын" білесіз бе?» - Ал, Сіздер қазақ келіндері мен Британ корольдік отбасы әйелдерінің арасында ортақ не бар деп ойлайсыз? Олардың бәрі (корольдіктегілердің бәрі емес, әрине) «сәлем салады»! Ол жақта тек атауы басқа – тәжім ету (реверанс- curtsy).

«Әлемдік шахмат додасында қыздарымыз озып, жігіттеріміз шаң қауып жатыр» - Дүние жүзінің бірнеше мәрте чемпионы Жансая Әбдімәлік жасы 20-ға толмаған қыздар арасында әлемдік рейтингте классика, рапид, блиц бойынша жеке-дара көш бастап тұр. Қазақстан шахматының тарихында Жансаяға дейін бірден үш тармақ бойынша әлемдік рейтингте топ жарған шахматшы болған емес. Яғни, Жансаяның бұл табысы - қазақ елі үшін тарихи жеңіс! Бұл – Жансаяның әлемдік жастар сайысындағы табысы.

ABAI.KZ. «Дос Көшім. Сын көтермейтін екі “дәлел”» - «Ақжол» партиясының төрағасы Азат Перуашов ініміз елдің атын өзгерту қажеттігін айтып, «қазақ» деген сөзге қыржиып қалатын адамдарды бір қорқытып, ауыздарына келген сөздерін айтқызып, қызыққа бір батырып еді, «осы әңгіме бітті ме» деп, төсекке қисая бергеніміздегенде, Сенаттың төрағасы да қарап қалмайын деп, өзінің пікірін білдіріпті.  Шынымды айтсам, «қазақ» деген сөзден ат тондарын алып қашатын қауымның негізсіз, дәлелсіз айтқан пікірлерінен шаршаған қауым үшін Қасымжомарттың (қазақ тілінің заңдылығына сай бұл кісінің аты осылай жазылады) салмақты, деректі, салиқалы пікірі ауадай қажет болатын. 

365INFO.KZ «Теңге бағамы 400-450 дейін төмендейтіні сөзсіз» - 6-7 ақпанда АҚШ долларының орташа бағамы KASE биржасында төмендеп, 376-378 теңгеге тұрақтады. Бірақ сарапшылар отандық валютаның әлсіреуі бойынша өз болжамдарын өзгертпейді.

JASQAZAQ.KZ. «Небәрі 12 ер мұғалім…» - ДӨП пікірсайыс клубының бүгінгі тақырыбы – оқушылар арасындағы әлімжеттік, ұстаз беделі, тәрбие жайлы болмақ. Өйткені осы төңіректе дау-дамай өршіп тұр. Мұғалімдер атақты ақшаға сатып ала бастады. Шәкірттері шатаққұмар болып барады. Әсіресе ұлдардың ұстамсыздығы шектен шықты. Неге? Бұл қалыппен қайда барамыз? Осындай түйінді мәселелер төңірегінде журналист Дәулетхан Қыдырбайұлы қоғам белсендісі Аятжан Ахметжанұлымен ой бөлісті.





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.