​Мадуро АҚШ-тың гуманитарлық көмегінен бас тартты

11 ақпан 09:32 396 рет қаралды


АҚШ-тың Венесуэлаға жіберген алғашқы гуманитарлық көмегі Колумбияның Кукута қаласына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұл туралы Мемлекеттік департамент мәлімдеді. Алайда президент Николас Мадуро Венесуэла халқы америкалықтардың көмегіне мұқтаж емес деп, оларды колумбиялықтарға таратып беруге кеңес берді. Ал оппозиция жетекшісі Мадуроның бұл әрекетін адамзатқа жасалатын қылмыспен тең деп сынады. 

Еске сала кетейік, бұған дейін президент Мадуро әскерилерге Колумбиямен шекарадағы көпірді жауып, одан гуманитарлық көмекті өткізбеуге бұйрық берген.

Дереккөз: 24.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.