​Ақтауда қоныс колониясынан қашып кеткен "Шрек" ұсталды

11 ақпан 09:27 672 рет қаралды


Маңғыстау облысында жазасын өтеуден қашып жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ҚАЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақтауда тонау қылмысы үшін сотталып, қауіпсіздік деңгейі төмен мекемеде  (ГМ-172/8, қоныс колониясы) өтеуі тиіс болған 29 жастағы ер адам ұсталды.  

"Сотталған М.Бердиев "Еңбек-Ақтау" РМК-ге жұмысқа тұрған, бұл мекеме қоныс колониясының территориясынан тыс орналасқан. 2019 жылдың 4 ақпанында М.Бердиев жұмыс орнынан кетіп қалып, бақылау органдарының бақылауынан тыс жағдайды пайдаланып, жазасын өтеу мекемесіне оралмаған", - делінген хабарламада.  

10 ақпанда кешкі уақытта ГМ-172/8 қызметкерлері Ұлттық ұлан мен Маңғыстау облыстық ПД қызметкерлерімен бірге жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Бердиевтің қаладағы ықшамдаудандардың бірінде ұсталғаны анықталды. Ер адамның "Шрек" деген лақапаты бар екен. 

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 427-бабы бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Түзету мекемесіне оралмағандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.