Түркістан облысында базарда аю сатпақ болған адамға іс қозғалды

8 ақпан 15:26 465 рет қаралды


Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мал базарында аюды саудаға шығарғаны анықталғаннан кейін базар иесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бөлім басшысы Бақыт Мұсалиевтің Азаттыққа айтуынша, базарда саудаға шығарылған қоңыр аю Қазақстанға Ресейден әкелінген.

- Екі жастан асқан аю қолға үйретілген. Салмағы шамамен 200 келіге жуық. Базар басшысы аюды саудаға қойған. Полиция аюды жануарлар саябағына уақытша орналастырды, - дейді ол.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, аю иесінің үстінен Қылмыстық кодекстің 339-бабы ("Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу") бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: azattyq.org


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.