«Халықтың ақшасы қайда кетіп жатыр?», «Қытайдың “жұмсақ күш” саясатының Қазақстанға әсері қандай?», «Урбанизация ұлтқа не береді?», «Ресей мен АҚШ-тың Ауғанстан тәліптерін келіссөзге шақыруында не сыр жатыр?»,«Халықтың көз жасымен бизнес жасауға болмайды»

8 ақпан 09:58 910 рет қаралды

ABAI.KZ. «Омарәлі Әділбекұлы: "Халықтың көз жасымен бизнес жасауға болмайды"» - Қытайдағы қандастарымыз қысымға ұшырап жатқан кезде қол ұшын берсек деп атқа қонғандар аз емес. Алайда ол жақтағы ағайындарға көмектескісі келетіндер көп болғанымен, бастары бірікпейді. Топ-топқа бөлініп алып бір-бірін қаралағанда қытайдан өткен жау осылардың өзіндей көрінеді. Бұның себебі не, бұл қоғамдық ұйымдардың басы неге бірікпейді?

QAZAQTIMES.COM. «Ресей мен АҚШ-тың Ауғанстан тәліптерін келіссөзге шақыруында не сыр жатыр?» - Ауғанстан Талибан ұйымының Мәскеудегі бейбітшілік орнату туралы сөйлесулері кеше соңына шықты. 5 ақпанда басталған Мәскеудегі отырысқа Талибан тарабы 10 адамнан тұратын делегациясын аттандырған, оның сыртында 40-қа жуық саясаткерлер, бұрынғы президент Хамид Карзай қатысқан. 

«Дәурен Абаев билік транзитіне қатысты мәлімдеме жасады» - «Бұл тақырыпты жабайық. Қазіргі таңда билік транзиті жөнінде ешқандай сөз жоқ. Мемлекет басшысының сөзіне бір нәрсе алып-қосу қиын. Конституциялық Кеңеске өтініш жасау шын мәнінде маңызды дүние. Десе де, бұл қарапайым жұмыс процесі. Бұдан екінші бір ойды іздеудің қажеті жоқ. Қазір президенттің саяси өмірі елдің ішінде де, сыртында да қызып тұр. Бұған  «Жолдау», «Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысуы», «Жастар жылын ашуы» дәлел. Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар бастамаларды «Нұр Отан» партиясының құрылтайында да көтереді деп ойлаймын. 

DALANEWS.KZ.  «Халықтың ақшасы қайда кетіп жатыр?» - Танымал журналист Арман Шораевтың жазбасы әрі әсерлі, әрі шынайы екен. Халыққа келгенде аямшақтанып, көрме өткізуге келгенде көзсіз шашылатын биліктің даралығын бетіне басыпты ол.

365INFO.KZ «ҚМГ зауытын жаңғырту әлемдік нарықта рекордтық сатылымға әкелді» - ҚМГ-ға тиесілі Румыниядағы өндірістік активтер Қара теңіз елдерінің нарықтарындағы өз үлесін арттырды және мол табыс әкелді.

«Қазақтар спортқа жақын ұлт, бірақ тамақты да жақсы жейді» - Германиядан келген маркетолог Фред Зиверд Қазақстандағы рахат өмірі жайлы әңгімелейді.

AZATTYQ.ORG. «Бес баланың қазасына қайғырған ақындар үні» - Астанада бір отбасының бес баласы өрттен қаза болған қайғылы оқиға қазақстандық әлеуметтік желі қолданушыларымен қатар шығармашылық өкілдерін де күңірентіп, ондаған жырға түрткі болды. Ақындар өлеңдерінде түрлі әлеуметтік мәселе көтерді.

«Қытайдың “жұмсақ күш” саясатының Қазақстанға әсері қандай?» - Алматыдағы ҚазҰУ-дың шығыстану факультетінде дәріс оқитын қытайтанушы маман Ержан Керімбай Азаттықпен сұхбат құрып, Қытай билігінің Ху Цзиньтао тұсындағы «жұмсақ күшінің» Си Цзиньпиннің кезінде қайтіп «қатаңданып» кеткені туралы әңгімеледі.

EGEMEN.KZ. «Урбанизация ұлтқа не береді?» - Ауылдық елді мекендердегі халықтың инфрақұрылымы дамыған, мәдениет пен руханият және басқа да өркениет ошақтары шоғырланған қалаға көшуі заңды құбылыс. Бұл бізде ғана емес, бүкіл әлемде болып жатқан тенденция. Біз осы  үдеріс елімізде қалай жүріп жатқанына үңіліп, саралауды жөн көрдік.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру