Қазақстан ресейлік жанармайды елімізге тасымалдауға тыйым салды

11 қаңтар 17:15 438 рет қаралды


Мұндай тыйым үш ай мерзімге салынды.

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына жанармай тасымалдауға үш ай мерзімге тыйым салу туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасына мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімнің 1-қосымшаның 9-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына бензинді (ЕЭО СЭҚ ТН коды 2710 1241 – 2710 125920 0) теміржол көлігімен әкелуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2. ҚР Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне хабарлауды; "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ға заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарлауды; осы бұйрықты ҚР Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін", - делінген баспасөз хабарламасында.

Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Дереккөз: bnews.kz




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.