​Денис Теннің өлімі: Толыбаева сотта сөз сөйледі

11 қаңтар 16:10 334 рет қаралды


Жанар Толыбаева Денис Теннің өлімі бойынша өтіп жатқан сот отырысында куәлік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Толыбаеваның айтуынша, ол 15 шілдеде еңбек демалысы кезінде Алматыға екі айға келген. Қалаға келе салысымен Жайна Ізтілеуовамен хабарласып, бірге пәтер іздемекші болған. Құрбысы болса сол кезде Нұралы Қиясовқа хабарласқан, сөйтіп барлығы Қиясовтың үйіне барған. 

"Келесі күні мен кафеде жұмыс іздей бастадым, ал 17 шілдеде Астанадан Арман келді. 18 шілдеде Манзура келді, Арман мен Нұралыны учаскелік полицейлер алып кетті. Кейінірек моншаға кеттім, сол жақта маған Арман хабарласып, басқа пәтерге алып кетті. 19 шілдеде түске таман тұрдық, себебі жігіттер таңға жуық келген еді. Пәтерден шығып, көлікке отырып, жүріп кеттік. Сосын Арман қолғапты шығарды, Нұралыға ақ көлікті көрсетті де былай деді: "Осы көліктен бастаймыз", - деді Жанар Толыбаева.  

Қыз бала көлік тонауға қатысқысы келмегенін айтты. Сол себепті ол сотталушылардан басқа бағытта жүрген. Спорт алаңына жақындаған уақытта оның жанынан адамдар өткен, оның арасында Денис Тен де болған.  

"Бір жағынан Арман мен Нұралының не істемекші болып жүргені қызық болды. Телефонға қарап, оларға бір қарап отырдым. Бір қарағанымда Арманның қашып бара жатқанын көрдім, оның артынан 2-3 метр жетпей Денис жүгіріп бара жатты, ал Нұралы болса 7-8 метр кейін жүгіріп бара жатты. Мен дереу басқа жаққа кеттім. Мен кімдердің төбелесіп жатқанын көрмедім. Бір сәтте ақ жейде киген жігіттің отырып қалғанын көрдім. Арман мен Нұралы саябаққа қарай жүгіріп кетті. Біршама уақыттан соң Арман қоңырау шалып, көлікке жақындауымды сұрады", - деді Жанар.  

"Көлікте Нұралының қолы жараланғанын көрдім. Олар сөйлесіп отырды. Дәл білмеймін, бірақ, менің ойымша Нұралы былай деді: "Өлмейтін шығар?". 

Сосын біз Шаңыраққа (ықшамаудан) қарай бардық. Онда Сұлтан Нұралыға айғайлай бастады, неліктен үйге қонбайсың, неге көлікті сұраусыз жүргізесің деп. Қамшымен ұра бастады. Сосын маған ұрыса бастады, "неге бұлармен жүрсің, неге үйге келмедің" - деп. Маған басқа пәтер іздеуімді өтінді", - деді қыз бала.  

Осыдан кейін сотталушы Жайна Ізтілеуованың достарымен бірге Қапшағайға бару туралы ұсынысын қабылдаған. 

"Мен сондай жүргенімде Арман маған қоңырау шалып, жігіттің қайтыс болғаны туралы айтты. Менің ауылға кетіп қалуымды өтінді. Мен қарсылық білдіргенімде ол былай деді: "Бір жағдай болып жатса, біз таныс емеспіз". Таңда мен Арман мен Нұралының іздестіріліп жатқанын білдім. Қалаға келгенімде Нұралының ұсталғанын естідім, ал Арманды ісдестіріп жатыр екен. Сұлтанның үйінде болғанымда (заттарымды алып кетуге келгенмін) Арманға қоңырау шалдым. Ол қаладан кетіп бара жатқанын айтып, телефонын сөндіріп тастады. Сосын Нұралының ағасы келіп бізді алып кетті. Рысқұлов көшесінде бізді тоқтатып, ұстап алды", - деді ол. 

Осыдан кейін Жанар Толыбаева полицейлерге Арманды ұстауға көмектесуге келісім берді. Осы кезде Құдайбергенов өзі қызға хабарласқан, полицейлер оның қайда екенін анықтап, ұстаған.  

"Келесі күні мені қол қоюым үшін полицияға шақырды. Мен сонда барғанымда, қайта жібермеді. Мен аса ауыр қылмыс көрдім деп айта алмаймын. Мен тек ұрлықты көрдім. Мен ол туралы ештеңе айтпадым, осыны мойындаймын. Мен кімнің пышақтағанын көрген жоқпын", - деп түсіндеді қыз бала.  

Айта кетейік, Сұлтан Қиясов осы істе куәгер ретінде шақырылған болатын. Алайда ол жауап беруден бас тартты. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 214-бабына сәйкес, (сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам куәнің, жәбiрленушiнің өзiнiң, жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тартуға құқылы екенiн түсiндiруге мiндеттi) жауап берген жоқ. 

26 жастағы Сұлтан Қиясов бауыры Денис Тенді өлтірді деп айыпталған Нұралы Қиясовтан екі жас үлкен. Осыған дейінгі сот тыңдалымында сотталушылардың бірінің құрбысы Жайна Ізтілеуова Денис Теннің өлімі болған күні Жанар Толыбаеваның, Нұрлан Қиясовтың және Арман Құдайбергеновтің немен айналысқанын айтып берген болатын. Ізтілеуова 19 шілдеде күндізгі уақыта Нұралы Қиясовтың бауыры Сұлтанның үйінде болғанын айтты. Сұлтан бауырын тауып, Жайнадан Жанар Толыбаеваға хабарласауын сұраған. Сотталушы Денис Теннің өліміне дейін бір күн бұрын пышақ сатып алған "Біз барлығымыз төртеуіміз Сұлтан мен әйелі Әселдің үйінде тұрдық. Жанарға хабарластым, ол болса үшеуі қалада жүргенін және ақша іздеп жүргендерін айтты. Содан түстен кейін Жанар, Арман және Нұралы келді. Көңіл-күйлері болмады. Нұралының жейдесінің жоғарғы жағында қан байқадым, бірақ не болғанын сұраған жоқпын. Сұлтан болса Нұралыға ашулы болды, оған айғайлай бастады, көлігін тартып аламын деп қорқытты", - деді Жайна Ізтілеуова. 

Құдайбергенов осы кезде далада жүрген және заттарын пакетке салып беруін сұраған. "Заттарын алып шықтым. Шамамен түнгі сағат 23.00-де Қапшағайға бардық, отырып іштік. Сол жақта отырғанда Instagram-нан Денис Теннің өлгені жайлы білдім. Қалай болды деп таңғалдым. Содан 20 шілдеде қайтып келдім, Сұлтанның үйіне бардық, заттарды алып кету керек болды. Кейінірек Нұралының ағасы келді. Нұралының Денисті өлтіргенін айтты. Сосын ол бізді алып кетті, барлығын сұрастырды да Рысқұлов пен Тілендиев көшелерінің қиылысында қалдырып кетті. Артынша полицейлер келіп, бізді ұстап әкетті. Сосын Жанар екеумізді екі бөлек жерге жауап алу үшін алып кетті", - деді ол. 

"Менің оған шамам келмеді". Арман Құдайбергенов Денис Тенмен төбелесі жайлы Сондай-ақ, сотта пышақ жарақаты жайлы хабарланған жерге бірінші болып барған полицейлерден жауап алынған болатын. Арман Құдайбергенов ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша, 192-баптың 2-бөлігі 1,4-тармақтары ("Қарақшылық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр.  Нұралы Қиясов ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөлігі 1, 4 -тармақтары ("Ұрлық") бойынша, 99-баптың 2-бөлігі 7,8-тармақтары ("Адам өлтiру") бойынша айыпталып жатыр. Жанар Толыбаева ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 1-тармағы ("Ұрлық") бойынша және 434-бап бойынша ("Қылмыс туралы хабарламау") айыпталып жатыр. 

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды. Адвокат: Денис Тен тапсырыспен өлтірілді Кейінірек Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында даңқты мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің құрметіне ескерткіш орнатылатыны хабарланған еді. Сондай-ақ, оған "Халық қаhарманы" атағын беру ұсынылған болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz




Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру