​АҚШ-та шатдаунға қарсы наразылық акциясы ұйымдастырылды

11 қаңтар 12:26 460 рет қаралды


Вашингтонда шатдаунға қарсы наразылық акция ұйымдастырылды. Ақ үй ғимаратының алдында федералды ұйымдардың жұмысшылары мен кәсіподақ мүшелері жиналған.  

Ашынған халық үкіметтің жұмысын қайта қалпына келтіруді талап етеді. Шатдаунның кесірінен конгрес бюджетті мақұлдай алмай отыр. Сол себепті елде қаржыландыру мәселесі де тоқтап тұр. 

Ал ақ үй басшысы Дональ Трамп болса, «Мексикамен шекарада қақпа тұрғызылмайынша «шатдаун» жалғаса береді» деп айтқанынан қайтпай тұр. Айта кетейік, АҚШ үкіметінің жұмысы желтоқсанның 22-інен бастап тоқтап тұр.

Сол кезден бері біраз мемлекеттік қызметкерлер ақысыз демалысқа шығарылды. Ал демократтар мен республикашылдар шиеленісінің кесірінен шамамен 800 мың шенеунік тегін жұмыс істеуде.

Дереккөз: 24.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.