«Салқын саясат сырттан келер инвестицияға кедергі келтіруі мүмкін», «Қытай қаупі әлемдік тақырыпқа айналды. "Барлық бәле Қытайдан" деу дұрыс па?», «Зерттеу: "Африкадағы Ресей журналистерінің өліміне Вагнердің де қатысы бар"».

11 қаңтар 09:51 602 рет қаралды

QAZAQTIMES.COM. «Салқын саясат сырттан келер инвестицияға кедергі келтіруі мүмкін» - 2018 жыл Қазақстан үшін біршама қиындықтар әкелгендігі түсінікті. Теңге құнсызданып, экономиканың құлдырауына әкеліп соқты. Бұдан бөлек, жерден шығар мұнай бағасының да жағдайы мәз емес. Сонымен қатар, түрлі қылмыстар көбейіп, ішкі саяси жағдайлар да біршама ушықты. 

AZATTYQ.ORG. «Зерттеу: "Африкадағы Ресей журналистерінің өліміне Вагнердің де қатысы бар"» - Бизнесмен Михаил Ходорковский және ол ашқан "Досье" орталығы Орталық Африка Республикасындағы (ОАР) ресейлік үш журналистің өліміне қатысты жүргізген зерттеудің алдын ала қорытындысын жариялады.

«Айыпталған оқушының шешесі үкіммен келіспейді» - Шымкенттегі Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаш ауданы Абай ауылында "зорланған баланың" ісі бойынша үкім шығарды.

«Мәскеу Токионың аралдар жайлы мәлімдемесіне наразы» - Ресей Жапония елшісін шақырып, "екі ел басшыларының кездесуі қарсаңында Токио жағдайды ушықтыруға тырысып отыр" деп айыптады. Ал Жапония жағы Ресеймен Курил аралдарына қатысты бейбіт келісімді талқылауды жалғастыра беретінін айтты.

 INFORMBURO.KZ. «Қытай қаупі әлемдік тақырыпқа айналды. "Барлық бәле Қытайдан" деу дұрыс па?» - Қытайдағы жағдай қалай дамып барады? АҚШ пен арадағы қатынас. Әлемдік геосаясаттың беталысы мен ондағы Қазақ елінің салмағы қандай?

QAMSHY.KZ. «Маңызды! Алматы полициясы аттап басуға болмайтын мейрамхана-клубтарды атады» - Алматының полиция қызметі 22 көңіл көтеру орнын қауіптіліктің қызыл деңгейі көрсетілген тізімге енгізді. Бұл тізімнің қатарында 2018 жылы ең көп құқық бұзушылық тіркелеген кафелер мен клубтар бар.  Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталмыш көңіл көтеру орындарының тізімінің орысша нұсқасын жариялады. 

«Немістің машинасын, Американың айфонын, қырғыздың киімін тартып алса, мал бағып кетеміз бе?» - Екінші дүниежүзілік соғыста Польша бомбаның астында қалды. Шаруашылық түгел күйреді. Әлемге Коперниктей ғалым, Шопендей сазгер сыйлаған Варшаваның 90 пайызы жойылып кетті. 





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру