​Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды

10 қаңтар 2019 14:58 1281 рет қаралды


Асхат Оразбай Ирандағы Қазақстан елшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды", - делінген хабарламада.  

Ол Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды. 

Асхат Тұтқышбайұлы Оразбай 1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. Бұрындары СІМ екі ел одақтастығы департаменті басшысының орынбасары, Ауғанстан мәселесі бойынша БҰҰ-ның Арнайы миссиясының саяси кеңесшісі, СІМ Африка және Таяу Шығыс, Азия департаментінің директоры, Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарған. 2012 жылы Индонезия елшісі, ал 2015 жылы Филиппин елшісі болып тағайындалды. 

Дереккөз: tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.