Сот шешімі: «Астана банкі» түбегейлі таратылды

9 қаңтар 12:37 579 рет қаралды


Алматыда «Астана банкі» АҚ тарату туралы сот шешімі күшіне енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының үкімі өзгеріссіз қалсын. Апелляциялық шағымды қанағаттандырылмасын. Апелляциялық инстанцияның қаулысы кассациялық тәртіпте қаралуы мүмкін», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен. 

Еске салсақ, ҚР Ұлттық банкі 19 қыркүйекте «Астана банкін» банктік және өзге де операцияларды жүргізу лицензиясынан айырған еді «ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 2018 жылғы 18 қыркүйектегі № 214 қаулысына сәйкес «Астана банкі» АҚ-ты «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 48-бабы 1-тармағының в), г) және м-1) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша төлем және аудару операциялары бойынша шарттық міндеттемелерін жүйелі түрде, пруденциялық нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді жүйелі түрде бұзғаны, сондай-ақ банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның үстеме капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамағаны үшін банктік және өзге де операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Банкке 2015 жылғы 20 сәуірде берген № 1.1.32 лицензиясынан 2018 жылғы 19 қыркүйектен бастап айыру туралы шешім қабылданды», - делінген Ұлттық банктің хабарламасында. 

Осы құжатқа сәйкес, Алматы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Астана банкі» АҚ-ны тарату туралы шешім шығарды. 

Сонымен қатар, Алматы ауданаралық мамандандырылған экономикалық сотының шешіміне 6 заңды тұлғадан, үш жеке тұлғадан апелляциялық шағым түскен болатын. 27 желтоқсанда Алматы қалалық соты Қазақстан депозиттерге кепілдік беру қорын сот шешімінің заңды күшіне енбегенінен құлағдар еткен болатын. 

Дереккөз: inform.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.