«Болашақтан» қашып, Махамбет асып

8 қаңтар 14:44 1919 рет қаралды

Қарабатандағы «Болашақ» газ-химиялық кешенінің құрылысы басталған уақытта Атырау қаласының тұрғындары зауыттан алыс Махамбет ауданынан тұрғын үй салу үшін жер телімдерін ала бастағаны белгілі. Соның нәтижесінде аудан орталығында 2004-2005 жылдары «Мерей» ықшамауданы пайда болды. Бұл жерден 1300 адамға телімдер беріліп, бұлардың тек 200-ге жуығы ғана құрылыс салған. Ал бүгінде аудан бойынша тұрғын үй салу үшін берілетін жер кезегінде 5 мыңға жуық адам тұр.

- «Мерей» ықшам ауданында 1800 адамға тұрғын үй салуға мүмкіндігі бар. Мыңнан астам адам бұдан 14 жыл бұрын жер алғанымен, көпшілігі ештеңе салмады. Өткен жылы осы ықшамауданға газ, жарық жүргізіліп берілді. Енді ауыз су жүйесі тартылатын болады,-дейді аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы бөлімінің бас маманы Нұғыман ПЕРНЕБАЕВ. - Бүгінде жер иелерімен прокуратура айналысып жатыр. Оларға бірінші рет ескерту беріледі, егер орындамаса, жер кері қайтарылатын болады.

-Ауданда көптен бері жер кезегінде тұрғандардың мәселесі қалай шешілмек?

- Махамбет ауылы тұсынан салынған көпір маңында келешекте «Шұғыла», «Бәйтерек» ықшамаудандары пайда боламақшы. Бүгінде сметалық жобасы әзірленіп жатыр. Бұл жерге көпқабатты үй саламыз. Сондай-ақ,  500 учаске үшін газ бен жарықтың сметалық құжаты әзірленді, сараптамаға берілді. Тұрғын үйлердің көбеюіне орай канализация жүйесі де ойластырылуда.    

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.