Тергеу абақтысының бастығы пара алу кезінде ұсталды

7 желтоқсан 2018 11:52 1697 рет қаралды

Видеодан кадр
Атырауда УГ-157/1 мекемесі (тергеу абақтысы) бастығының міндетін атқарушы ұсталды. Ол түзету колониясына этапталмау үшін сотталушылардың бірінен жалпы сомасы 678 мың теңге мөлшерінде жүйелі түрде пара алып отырған деп күдіктеліп отыр.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна БАСТАРОВА хабарлағандай, әділет капитанына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергелуші толықтай өз кінәсін мойындағандықтан және іс жүргізу келісімін жасау туралы өтініш бергендіктен, басқа жаққа кетпеу туралы қолхат беру бұлтартпай шарасы таңдалған.  


Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ 



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.