​Украина соғыс жағдайын алып тастаудың шартын атады

6 желтоқсан 17:30 224 рет қаралды


Украина соғыс жағдайын алып тастаудың шартын атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі L!FE басылымына сілтеме жасап.

Украинаның премьер-министрі Владимир Гройсманның айтуынша, Киевке ешқандай қауіп төнбейтінін сезген жағдайда ғана соғыс жағдайы алынады. Владимир Гройсман кейбір облыстарда соғыс жағдайын мерзімін бұрын алып тастау мүмкін екенін жоққа шығармады. 

"Ешқандай қауіпті сезбейтін болсақ, соғыс жағдайын ұзартуға еш негіз болмайды. Жағдай тұрақталса, оны мерзімінен бұрын тоқтату мүмкін болады", - деді Украинаның премьер-министрі жергілікті БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз мәслихаты барысында. 

Мұның алдында ресейліктерге Украинаға кіруге тыйым салынатыны айтылған еді. 

"Бүгінде шетелдіктердің елге кіруіне шектеу қойылды. Бірінші кезекте, Ресей Федерациясының 16-60 жас аралығындағы азаматтарына, ерлерге", - деген еді Украина Мемлекеттік шекара қызметінің басшысы Петро Цигикал.

Еске салайық, осыған дейін Украинада соғыс жағдайы енгізілгені жайлы хабарланған болатын. Президенттің Жоғарғы Рада сайтында жарияланған бұйрығына сәйкес, соғыс жағдайы Украинада 26 қарашада сағат 14.00-ден бастап енгізілді. 

Ол 30 күнге дейін созылады - 2018 жылдың 26 желтоқсанына дейін. Ал кейінірек Украина президенті Петр Порошенко елге Ресеймен соғысу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру