Негізгі шыршаға тағы да «погон» тақты

6 желтоқсан 16:46 507 рет қаралды


Атырауды жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 61,6 млн теңге бөлінді, оның 11,6 млн теңгесі 6 үлкен шыршаға жұмсалады. Ал өткен Жаңа жылда қала 84 млн теңге жұмсады, сол кезде тендерді «Диас Компани» ЖШС жеңіп алған еді. Қалалық әкімдік қазіргі мердігерді атамады.

Шыршалар Сұлтан Бейбарыс алаңына (облыстық әкімдік алдында), Қ. Смағұлов алаңына («Ағила» СО жанында), Д.Нұрпейісова алаңына («Академия» аялдамасы), Балықшы ықшамауданына («Аққу» дүкенінің алды), Привокзальныйдағы С.Мұқашев алаңына (Арбат) және Құрманғазы МС ғимаратының алдына орнатылады. Соңғы кезде ең үлкен шырша Исатай мен Махамбет алаңында болған еді, бірақ қазір ол жерде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқандықтан шырша Сұлтан Бейбарыс алаңына орнатылады. Бұл шырша тағы да «погонмен» болады, бірақ бұл дизайн қала тұрғындарының бәріне бірдей ұнай бермейді.


Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, Жаңа жылға мұнайлы астана жарық тоннельдерімен және түрлі көлемдегі гирляндалармен, аркалармен, Сәтпаев даңғылындағы ағаштар иллюминациямен безендіріледі. Алаңдарда, жаяу жүргіншілер аймағында, жағалауда, саябақтарда жарқыраған құрылымдар пайда болады.

Қалалық әкімдіктегілер 16 желтоқсанға дейін Атыраудың тек мемлекеттік рәміздермен безендірілетінін хабарлады. Бірақ қазірдің өзінде орталық көшелерде жаңа жылдық безендіру жұмыстары барынша жүріп жатыр.

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген автор


Тақырып бойынша жаңалықтар



Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру