«Сырттай соттаудың қазақстандық "дәстүрі"», «Сот Жәкішевті мерзімінен бұрын босатпады», «Қазақстан экономикасы: бүгіні мен болашағы. Немесе Қазақстан экономикасының ұлттық моделі қандай», «Билік соқыр ма?..».

29 қараша 10:05 867 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Сырттай соттаудың қазақстандық "дәстүрі"» - Қазақстанда сырттай соттау тәжірибесі 2001 жылы бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдинді соттаудан басталды. Жақында бұрынғы банкир, Қазақстан билігінің оппоненті Мұхтар Әблязовтің үстінен сырттай үкім оқылды. Қазақстанда шетелге қашқан бұрынғы топ-шенеуніктер мен танымал адамдарға айып таққан кезде саяси сипаты да болады дейді сарапшылар.

«Сот Жәкішевті мерзімінен бұрын босатпады» - Семей соты түрмеде отырған "Қазатомпром" компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішевтің мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қарап қанағаттандырмаған. Соттың хабарлауынша, бұған сотталушының "шығынды өтемеуі себеп болған". Шешіммен келіспеген Жәкішев адвокаты арызданатынын жеткізді.

QAMSHY.KZ. «Орысты күшейткен ноғай жылқысы» - Орта ғасырлық соғыстарда түгел армияның жойылып немесе жеңіп шығуына атты әскер тікелей ықпал еткен. Корольдер мен хандардың әскери қуаты олардың атты әскер санымен өлшенетін. Сонау Үндістанда патшалық құрған Бабырдың өзі Қасым ханымыздың 300 мың атты әскеріне сүйсіне қарағаны тарихтан белгілі. 

ABAI.KZ. «Елбасының тапсырмасынан кейін Сүлейменов кәсіпкерлерге жалынып жүр» - Елбасымыз өз Жолдауында келесі жылдан бастап ең төменгі жалақыны бір жарым есе көбейтіп, оны 42 мың теңгеге жеткізу қажеттігін айтқанда айлығы шайлығы жетпей жүрген жандардың еңсесі бір көтеріліп қалғандығы хақ. Алайда тауарларының құнын тек  көтеруді ғана білетін, жұмыртқадан жүн қырыққан қулар бұл игі бастаманың аяғына тұсау салатын түрі бар. 

INFORMBURO.KZ. «Қазақстан экономикасы: бүгіні мен болашағы. Немесе Қазақстан экономикасының ұлттық моделі қандай» - Қазақстан экономикасы турасында сөз қозғасақ, оны бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес, әрине. Көшпенділер экономикасы хақында кейінірек айтылар. Бүгінгісі қандай?

365INFO.KZ «Қытайлар педофилді сұраусыз атып тастайды. Бізде ше?» - Әр моланың басына барып бір селфилетіп жүрген рухани жаңғырғыштар, мына төмендегі цифрларға бір көз жүгіртіп, көңіл тоқтатыңыздар! 

«Билік соқыр ма?..» - Ресейден келген қазақ ана тілінің мүшкіл халін көріп, жағасын ұстады.

«Қырғыз оппозициясы: “Жиенбековтың аждаһаға айналып кетуіне жол бермеуіміз керек”» - Оппозицияның Бішкекте өткен құрылтайына жиналған делегаттар Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты сәуір төңкерісінің жетекшілерін сатып, билікті озбырлықпен басып алды деп айыптады.

QAZAQTIMES.COM. «”Маған бұл агрессия мүлде ұнамайды”: Трамп Керчь бұғазындағы оқиғаға қатысты Ресейді сынға алды» - АҚШ президенті Дональд Трамп Аргентинада Владимир Путинмен кездеспеуім мүмкін деп мәлімдеді. Бұған Ресейдің Украинаға кезекті мәрте көрсеткен агрессорлық саясаты себеп болған. 

«Астана Ресей-Украина текетіресінде кімнің жағында?» - Ресей мен Украина қарым-қатынасының Қара теңіздегі жағдайға байланысты кезекті рет ушығуы Қазақстанның көп векторлы саясатына үлкен сынақ болып тиді. 





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру