​АҚШ-та атыстан 4 адам көз жұмды

20 қараша 2018 11:53 718 рет қаралды


АҚШ-тың Чикаго қаласында атыс болып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Мерт болғандардың ішінде атыс ашқан қаскөй, 1 тәртіп сақшысы мен медицина орталығының екі қызметкері бар. 

Белгілі болғандай, қаруланған адам автокөлік маңында атыс ашып, кейін медициналық орталыққа баса-көктеп кіріп, ішіндегілерді бей-берекет ата бастаған. Жергілікті телеарналардың хабарлауынша, күдіктінің бұл қадамға баруының себебі осы ауруханада жұмыс істейтін қалыңдығымен сөзге келмей қалғаны болды. 

Атыс оқиғасы Колорадо штатының Денвер қаласында да тіркелді. Салдарынан бір адам қаза тапты. Тағы үшеуі ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, олардың жағдайы мүшкіл. Күдікті ізін суытып үлгерген. Қазір ол іздестіріліп жатыр.

Дереккөз: 24.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.