​Маңғыстауда облыс әкімінің бірінші орынбасары қамауға алынды

6 қараша 2018 10:55 1229 рет қаралды


Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Аманғалиев пара алды деген күдікпен ұсталып, қамауға алынды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әкімнің бірінші орынбасарына мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген айып тағылған. 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро қызметкерлері оны 3 қараша күні сағат 18.40 шамасында Ақтау қаласының халықаралық әуежайы аумағында ұстады. С.Аманғалиевтан 115 мың еуро табылды. Факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген сот ақпаратында.

Атап өтілгендей, Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 5 қарашадағы қаулысымен Аманғалиев Серік Қалешұлын екі ай мерзімге  қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Дереккөз: inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.