Дабылдатқан қаланы

30 қазан 2018 12:06 1850 рет қаралды


Соңғы кездері мұнай астанасының көшелерінде жедел жәрдем көлігінің сиренасы жиі естілетін болған. Не өзгерді? Шұғыл жағдайлар көбейіп кетті ме? Осы сұрақты «Атырау қалалық медициналық жедел жәрдем станциясы» КМҚК-нің жаңа бас дәрігері Ерлан СҮЙЕУҒАЛИЕВҚА қойған едік.

- Шынымен де, ӨРВИ мен тұмау кезеңі басталып, шақыртулар көбейді. Одан басқа, біз 2014 жылғы 13 қарашадағы үкімет қаулысына көштік. Соған сәйкес, «жедел жәрдем» жүргізушілері бригаданың шақыртуға шыққан кезінен бастап, сондай-ақ, науқасты стационарға тасымалдау кезінде дыбыс сигналы мен маякты қосып қоюы тиіс, - дейді Е. Сүйеуғалиев. – Бір тәулік ішінде Атыраудың «103» пультіне 500-ден астам шақырту түседі, көмек көрсету, кеңес алу немесе ауруханаға жатқызу үшін 150-ге дейін пациент стационарға жеткізіледі. Егер бұрын тасымалдауға орташа алғанда 15 минут уақыт кететін болса, қазір 9 минут кетеді.

Фархат ӘБІЛОВ



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.