​ҰҚК мен Бас прокуратураға төтенше жағдай кезінде интернетті бұғаттау құқығы берілді

29 қазан 2018 14:49 465 рет қаралды


Қазақстанда төрт мемлекеттік органға әлеуметтік, табиғи немесе техногенді төтенше жағдайлар кезінде Интернет және байланыс құралдарын бұғаттау құқығы берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет қаулысына сілтеме жасап. 

Бұл органдар мыналар: Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі және Қорғаныс министрлігі. Бұл ведомстволар қаулыға сәйкес, қандай да бір төтенше жағдай тууы немесе қауіп төнген кезде үкіметтік, президенттік және шұғыл қызметтен өзгелердің байланыс құралдарының және желілерінің қызметін тоқтата алады. 

Құжат 2018 жылы 28 қазанда заңды күшіне енді.

Дереккөз: tengrinews.kz




Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.