​АҚШ-та синагогада болған атыста сегіз адам қаза тапты

29 қазан 2018 09:59 673 рет қаралды


АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Питтсбург қаласында атыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си агенттігіне сілтеме жасап. 

Жергіліктің БАҚ-тың мәліметінше сегіз адам қаза тапқан. Оқ атқан адам полицияға берілген. 

Оқыс оқиға туралы Питтсбург полициясы Туиттердегі парақшасында жария еткен. Атыс Уилкинс пен Шейди көшесіне жақын тұста «Өмір ағашы» синагогасында болған. KDKA радиосының мәліметінше, ақ нәсілді адам синагогаға келіп, айғайлап антисемиттік сөздер айтқан, сосын барып сол маңдағыларға қарата оқ жаудырған. 

Сол жерге полиция келіп арада атыс болған. Үш полиция жарақат алған. Оқиғаға қатысты АҚШ президенті Дональд Трамп та пікір білдірді. 

«Питтсбургтегі оқиғаны назарда ұстап отырмын. Құқық қорғау органдары сол жерге барды. Сквирел-хилл ауданындағы адамдар үйлерінен шықпағаны жөн. Мылтық атқан адамнан сақтаныңдар. Құдайым жар болсын!» - деп жазды ол Туиттердегі парақшасында. 

Дереккөз: inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.