​Сауд Арабиясының Түркиядағы елшісі еліне қайтарылды

18 қазан 2018 14:25 397 рет қаралды

Сауд Арабиясының Стамбулдағы елшілігі. Фото: India TV.
Сауд Арабиясының Стамбулдағы бас елшісі еліне қайтты. Бұл туралы Түркияның ақпарат құралдары хабарлады. 

Түркияның Станбул қаласындағы Сауд Арабия бас елшісі Мұхаммед әл-Утейби бүгін Түркия жергілікті уақытымен 17:00-де Ататүрік әуежайынан еліне аттанады. 

Аталған хабар Сауд Арабиясының Түркиядағы елшілігі және Түркия СІМ тарабынан жасалған. Хабарларға қарағанда, Мұхаммед әл-Утейбидің еліне қайтуына түрік үкіметі жағынан жасалған қысымдар себеп болуы мүмкін. 

Айта кетейік, 2 қазан күні сауд арабиялық оппозиция журналисті Жамал Хашогги осы елшілікке кіргеннен кейін із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Осыдан кейін Сауд Арабиясына халықаралық қысымдар күшейді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.