Лондон соты Олег Дерипасканың активін бұғаттады

18 қазан 10:14 155 рет қаралды


Ресейлік миллиардер Олег Дерипаска Лондон Жоғарғы сотына өз компаниясының құны 245 миллион доллар болатын акциясын кепілге қойды. Бизнесмен Мәскеудің орталығындағы ғимарат кешенін иелену туралы соттан жеңілген жағдайда сот шығыны мен талап етілген қаржыны төлейтініне осылай кепілдік берді. Бұл туралы сот құжаттарына сілтеме жасаған "Открытые медиа" жобасы хабарлады.

Дерипаска Ресейдің мемлекеттік "Внешэкономбанкінің" бұрынғы басшысы Владимир Чернухинмен Мәскеу өзенінің жағалауындағы "Трехгорная мануфактура" кешені үшін соттасып жатыр. Чернухин 2010 жылы Дерипаскаға осы ғимаратқа ие компаниядағы үлесін сатуға келіскенін, бірақ Дерипаска үлесті ақшасын төлемей иеленіп кеткенін айтады. 2017 жылы жазда Лондонның коммерциялық арбитраж соты Дерипасканы Чернухинге компаниядағы үлесі үшін 95,2 миллион доллар төлеуге міндеттеген.

Дерипаска бұл қаржыны төлеуден бас тартып, Лондон жоғарғы сотының арбитражына шағымданған. 245 миллион доллар акция Чернухин Дерипасканың басқа елдердегі активтерін бұғаттамау үшін кепілге қойылды.

Олег Дерипаска биыл сәуірден бері АҚШ-тың санкция тізімінде тұр. АҚШ Қаржы министрлігі санкцияға енгізген ресейлік олигархтар Ресейдегі сыбайлас жемқорлыққа батқан жүйеден байып жатыр деп санайды.

Дереккөз: azattyq.org


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.