Ресейде колледжде жарылыс болды

17 қазан 15:16 243 рет қаралды


РФ Қырым Республикасының Керчь қаласындағы колледжде жарылыс болды. Бұл туралы РИА Новости басылымы жазады.

"Керчь политехникалық колледжінде газ жарылған. Алдын ала тараған мәліметтерге қарағанда, 10 адам қаза тауып, 50-ге жуық тұрғын зардап шеккен", - деп жазады РИА Новости.

Жергілікті Керчь.ФМ басылымы ресми ақпарат таратты.

«Керчь.ФМ редакциясына қалалық тұрғындар хабарласып, металлургиялық техникумда қолдарына қару ұстаған азамат бар екенін айтқан. Колледжге жедел жәрдем, ТЖМ өкілдері барған. Керчь.ФМ тілшісі техникумда жарылыс болғанын растады.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс күндіз сағат 12.00-ге қарай болған. Қазір оқиға орнында дәрігерлер мен куәгерлер жұмыс істеп жатыр.

Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.