​Британия Еуроодақпен Brexit бойынша келісімге келді

17 қазан 13:02 126 рет қаралды


Ұлыбритания мен Еуропалық одақ Brexit бойынша ортақ келісімге келді. Мемлекеттің Одақтан шығудағы шарттары айқындалды. Бұл туралы Біріккен Корольдіктің премьері Тереза Мэй мәлімдеді. 

Дегенмен, саясаткер әлі екі мәселенің күрмеуі шешілмей тұрғанын да жеткізді. Ол Ирландиямен арадағы шекара және тарифтерге байланысты сұрақтар. Brexit бойынша өзге де мәселелерді Мэй министрлер кабинетімен талқылайтын болады. 

Тереза Мэй, Ұлыбритания Премьер-министрі: 

- Келіссөздерге қатысты түрлі пікірлер болғаны рас. Дегенмен, біз Brexit бойынша айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткіздік. Мемлекеттің Еуроодақтан шығу шарттары, содан кейінгі сауда қатынасы жайлы ортақ келісімге келдік.

Дереккөз: 24.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.