​Байқоңырда зымыран ұшыру кезінде апат болды

11 қазан 15:03 200 рет қаралды


Байқоңырда "Союз МС-10" зымыран-тасығышын ұшыру кезінде төтенше жағдай болды. Бұл туралы диктор "Роскосмос" сайтында телетрансляция кезінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Союз МС-10" бортында ресейлік ғарышкер Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Олар аман-есен, байланысқа шықты. NASA мәліметінше, іздестіру-құтқару командасы апат болған жерге бара жатыр. 

Трансляция бірнеше минуттан соң (Астана уақыты бойынша сағат 14.56-да) тоқтап қалып, қайта қосылмады.


Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.