Әлемдік мұнай бағасы ХВҚ болжамынан кейін құлдырады

11 қазан 10:19 182 рет қаралды


Тәулік ішінде Brent маркалы мұнай $4 арзандады.

Brent маркалы мұнай бағасы баррелі үшін $82 болды. Астана уақыты бойынша сағат 9:30-да желтоқсан айындағы шикізат фьючерстері барреліне $81,58-ден сатылды. Бір тәулік бұрын қара алтынның құны баррелі үшін $85-дан асып тұрды.

Халықаралық валюта қоры 2019 жылы әлемдік экономиканың құлдырауын болжады. Осы болжам мұнай бағасының төмендеуіне әсер етті.

Әлемдік экономика АҚШ-тың басқа елдермен сауда соғыстары себебінен құлдырап жатыр.

ХВҚ болжамы бойынша, мұнай бағасы барреліне $68 дейін төмендейді.

Сауд Арабиясы мен ОПЕК+ қатысушы елдері мұнай өндіруді екі есеге ұлғайтты. Бұл жайт та мұнай бағасына өз әсерін береді.

Дереккөз: 7kun.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.