«Назарбаев отбасынан бөтенге билікті бере қоймас», «Абзал Құспан: БҰҰ-дан Қазақстан билігіне нота жолдауды талап етемін», «Мұнай бағасының өсуі кімдерге тиімді, кімдерге тиімсіз?», «Кокаин, "Новичок", құпия құты және ГРУ "торпедасы"».

8 қазан 10:09 535 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. «Назарбаев отбасынан бөтенге билікті бере қоймас» - Батыс басылымдары Қазақстанның жоғарғы билігінде болуы ықтимал өзгерістер туралы жазды. Шетел баспасөзі Астана арасындағы келісім мен Қарашығанақта әзірленіп жатқан консорциумды, Астананың зейнетақы жүйесін қайта қарау жоспарын талқылаған.

«Кокаин, "Новичок", құпия құты және ГРУ "торпедасы"» - Сергей Скрипальді не үшін өлтірмек болды және ресейлік арнайы қызмет өкілдері Еуропада қалайша жүгенсіз тайраңдап жүр? Тыңшылық қызмет пен ресейлік мафия мүддесі арасында қандай байланыс бар?

«Ауданның 90 жылдығын тойлауды әртүрлі бағалайды» - Қазақстанда ондаған ауданның құрылғанына 90 жыл толуын тойлау шаралары өтіп жатыр. Жергілікті билік мұны "өткен тарихқа құрмет" десе, кей әлеуметтік желі қолданушылары "большевиктер заманын еске салатын мерекені тойлаудың керегі жоқ" деп санайды.

«Қазақстан Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін бермеді» - Қазақстан Қытай азаматы, этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбайға босқын мәртебесін беруден бас тартты.

ABAI.KZ. «Мықтылардың басын қосу – ұлт жанашырларының парызы» - Посткеңестік кеңістіктегі төңкеріс пен жаппай тәртіпсіздік кезіндегі ең «қорқынышты» көріністі үнемі біздің есімізге салып отырады. Бұл кеңістікте көп нәрсе болды, олардың ауқымы да әртүрлі, бірақ қазақтар үшін дәл осы насихаттың өтімді болатыны неліктен?

«Абзал Құспан: БҰҰ-дан Қазақстан билігіне нота жолдауды талап етемін» - 4-қазан күні Қазақстан билігі Сайрагүл Сауытбайға «Босқын» мәртебесін беруден бас тартты. Бұл ресми ақпарат. Бұл ақпараттың рас-өтірігін білмек болып белгілі адвокат Абзал Құспан мырзаға хабарласқан ек, ол кісі де бұл ақпаратты растады.

«”Instagram” - депрессияға, “ВКонтакті” - суицидке апаратын желі» - Адамзат қоғамы жаңа ғасырдың табалдырығын аттаған бетте ғаламтор дәуірінің құрығына ілінді. Соңғы жылдары интернет әлемі үлкендер ғана емес жасөспірімдер үшін де өте қол жетімді болып қалды. 2000 жылдан кейін туған жастар мен жасөспірімдерді инетернеттің «табиғи тұрғындары» деуге де болады. Ғаламтор жалпыласқан ортада туып-өскен бүгінгі ұрпақ компьютер мен смартфондардың құлына айналды.

QAMSHY.KZ. «Сәкеннің жары Гүлбаһрам туралы бір үзік сыр» - Халқымыздың аса ардақты перзенті, ақын және әдебиет зерттеушісі Сәкен Сейфуллиннің ғұмырнамасын аяулы жары Гүлбаһрам Батырбекқызынан бөле қарауға болмайды. Өмірінің соңына дейін ұлы тұлғаның асыл мұрасын кейінгі ұрпаққа аманаттау жолында аянбай еңбек еткен қазақтың қайсар қызы туралы айтылар сәлихалы әңгіме және сүбелі ізденістер әлі де жалғасары сөзсіз.

QAZAQTIMES.COM. «Мұнай бағасының өсуі кімдерге тиімді, кімдерге тиімсіз?» - Жыл басынан бері әлемдік нарықта Brent маркалы мұнай бағасы 27 пайызға өсті. Қазан айының 2-і күні Brent-тің бір бареллі 85 доллардан асты. Бұл 2014 жылдан бері болмаған көрсеткіш. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, әлемдік нарықтағы мұнай бағасының өсуі АҚШ-тың Иранға салған санкциялары мен Кувейттің Америкаға мұнай тасымалын тоқтатуына тікелей байланысты.

«Дональд Трамп vs Ким Чен Ын: Нобель кімге бұйырады?» -  Осы апта Нобель сыйлығының лауреаттары белгілі болады. Жаһандық деңгейдегі сыйлық жыл сайын әйгілі ғылыми тәжірибелер, төңкерістік жаңалықтар жасап, халықаралық мәселелерді шешуге, мәдениет және қоғамның дамуына айтарлықтай үлес қосуға еңбек сіңірген адамдарға табысталады. 





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.