«Оралман құқығын қорғаушы қазақстандық ұйымдар», «Шекаралық заставаға Қасым атын беруді ұсынды», «Brexit: Британияны не күтіп тұр?», «Армения билігінде саяси резонанс туғызған Пашинян төрт айда не тындырды?», «Қазақты 42 жыл билеген Хақназар хан».

5 қазан 10:09 357 рет қаралды

QAMSHY.KZ. «Апалы-сіңлілі жетеудің дүниежүзілік сән әлемін бағындыру құпиясы» - Фарзана Шаршембаеваның есімі әлемге әйгілі. Десе де туған жері Қырғызстанда Фарзананы оның пальтосы белгілі америкалық сәнгер Донна Каранның топтамасында пайда болғанда ғана білді. Бұл Фарзананың әлемдік дизайнерлер үшін жасаған алғашқы жұмысы емес. Оның өнімін Еуропа, АҚШ-тың әлемге танымал сән әлемінің патшайымдары мен саяси көшбасшылары киеді. 

AZATTYQ.ORG. «Оралман құқығын қорғаушы қазақстандық ұйымдар» - Қытайдағы этникалық қазақтарға араша сұраған жекелеген азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың Қазақстан билігі мен халықаралық қауымдастыққа мәлімдеме жасауы жиіледі. Азаттық оралман құқығын қорғайтын кей қоғамдық ұйымдар өкілдерімен сөйлесті.

QAZAQTIMES.COM. «Армения билігінде саяси резонанс туғызған Пашинян төрт айда не тындырды?» - Жақында Армения премьер-министрі Никол Пашинян мерзімінен бұрын парламенттік сайлау өткізетінін мәлімдеді. Пашинянның бұл шешімі халық арасында қызу талқыға айналды. Лауазымды қызметке келгеніне бар-жоғы бес айға жуықтаған ол осы уақыт ішінде не тындырып үлгерді? Сараптап көрелік. 

«Brexit: Британияны не күтіп тұр?» -  Британия басылымдары Brexit шешімі мен Еуроодақтан шығу мәселесін қызу талқылап жатыр. Daily Telegraph-та «Мағынасы жоқ кезекті референдумның арты саяси шайқасқа айналады», – деген сараптама жариялады. Сыртқы істер министрі және консервативтік партияның бұрынғы басшысы Уильям Хейгттің бұл мақаласында Brexit-тің саяси маңызы мен келешегіне талдау жасалған. 

«Алматы облысының көші-қон басқармасы 2 мың қандасымыздың арызын қараусыз қалдырды» -  Алматы облысының көші-қон басқармасы 2 мың адамның арызын неге қараусыз қалдырды? 

TURKYSTAN.KZ. «Қазақты 42 жыл билеген Хақназар хан» - Қазақ этносының этникалық сипаттағы мемлекеті ретінде тарих төріне көтеріліп, XV ғасырдың ортасынан XVIII ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтыған Қазақ хандығының Тәуке ханның өлімінен кейін бытыраңқылық кезеңі басталған-ды. 250 жылға созылған алғашқы кезеңде Қазақ хандығында он жеті хан билікте болған. XV ғасырда үш хан (Керей хан, Жәнібек хан және Бұрындық хан), XVII ғасырда бес хан, ал XVI ғасырда тоғыз хан биліктің тізгінін ұстайды. Осы XVI ғасырдағы тоғыз ханның бірнешеуінің ғана есімдері қазақ тарихында ерекше айтылады. Олар – Қасым хан, Хақназар хан және Тәуекел хан.

ULT.KZ. «Джек Ма: АҚШ-Қытай сауда соғысы 20 жылға созылуы мүмкін» - Alibaba Group негізін қалаушы Джек Ма АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының 20 жылға созылуы мүмкін екенін айтып, бұл проблема басқа да мемлекеттерге әсер ететіндіктен, жылдам шешімін табатынына үміттенетінін жеткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ABC News басылымына сілтеме жасап.

QAZAQUNI.KZ. «Талғат Теменов: Баянды Оралдан алып келген мен, ол менің актрисам болды» - Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыка театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменов зиялы қауымды оятатын факторлар, қазақ тойының неге бәсекеге айналғаны және білімді қазақ жастарының неге шетел асып жатқаны туралы тұшымды ойларымен бөлісті.

AIKYN.KZ. «Шекаралық заставаға Қасым атын беруді ұсынды» - Мәжілістің жалпы отырысында бірқатар депутаттар Үкіметке депутаттық сауалдар жолдады. Мәселен, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі Б.Смағұл Үкімет басшысы Б.Сағынтаевқа арнаған депутаттық сауалында еліміз 100 жылдығын атап өтіп отырған батыр Қасымның есімін шекара бекетінде ұлықтауды ұсынды.





Комментарии пока доступны только в полной версии сайта

Комментарий қалдыру