​БЖЗҚ табысы төмен болуына байланысты сынға алынды

17 қыркүйек 2018 16:49 972 рет қаралды


Сенатор Мұрат Бақтиярұлы БЖЗҚ-ны жинақталған зейнетақы қаражатының аздығы үшін сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бізге өңірлерде зейнетақы қорының қызметі жайлы сұрақтар қойып жатыр. Бүгінде елімізде экономикалық тұрғыдан белсенді адамдардың саны шамамен 10 миллион, олардың 6 миллионы қазір ақшалары зейнетақы қорына аударып жатыр. Бірақ соңғы 12 айда ақша аударған адамдардың саны 1,3 миллион адам ғана. Бұл төмен көрсеткіш", - деді сенатор БЖЗҚ басшылығымен өткен кездесу барысында. 

Сенатор БЖЗҚ-қа қарағанда депозиттердің тиімді екенін айтады. 

"Халық былай дейді: ақшамызды депозитке салайық, себебі онда жылына 10-11 пайыз , ал БЖЗҚ-ның төлемі айтарлықтай төмен. Зейнетақы қорының табысы неге төмен? Оның себебі не?". - деді Мұрат Бақтиярұлы. 

Ұлттық банк төрағасының орынбасраы Дина Ғалиева өз кезегінде зейнетақы активтерінің табысы 8 айда 7,28 пайыз болғанын айтып өтті. Бірақ ол депозит пен қордың айырмашылығына қатысты пікір білдірмеді.

Дереккөз: tengrinews.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.