​Ер адам 2,4 миллион теңге тұратын 66 рельсті ұрлап кеткен

15 тамыз 2018 12:16 567 рет қаралды


Көлік полицейлері жалпы сомасы 2,4 миллион теңге болатын теміржол заттарын ұрлаған ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Үштөбе станциясында Ішкі істер желілік бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында Лепсі теміржол станциясынан 66 рельс ұрлаған 34 жастағы ер адам ұсталды. Келтірілген шығынның жалпы көлемі - 2,4 миллион теңге", - деп хабарлады көлік полицейлері. 

Күдікті кінәсін мойындады. Сарыарқа аудандық сотының үкімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.