Қырғыз депутатын қамау мерзімі 8 айға созылды

15 тамыз 2018 11:38 370 рет қаралды


Алматы соты Қырғыз Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбекұлын қамау мерзімін 8 айға созу туралы шешім шығарды. 

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне қалалық соттың баспасөз хатшысы хабарлады. Баспасөз хатшысы Диас Махамбетовтың айтуынша, Дамирбек Асылбекұлының қамауда ұстау мерзімін тағы екі айға ұзарту туралы өтініш тергеу комитетінен түскен.

«Тергеу комитеті Дамирбек Асылбекұлын бұлтартпау шарасын қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде 15 тамызға дейін ұзарту туралы өтініш түсірді. Сот бұл өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Күдіктіні бұлтартпау шарасы 15 қазанға дейін ұзартылды. Қаулы 9 тамызда шығарылды», - деді Диас Махамбетов. 

Еске салайық, ағымдағы жылдың ақпан айында оңтүстіктегі 3 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген арнайы операция барысында 35 адам ұсталды. 

Олардың арасында кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері бар. Арасындағы үшеуі Қырғызстан азаматы. Оның бірі - Қырғызстанның Жогорку Кенешінің депутаты Дамирбек Асылбек. 

Дереккөз: inform.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.