​Адам ұрлады деген күдікті Әзірбайжаннан Астанаға экстрадицияланды

30 шілде 2018 09:56 436 рет қаралды


Бас прокуратура мен Астана қаласының Ішкі істер департаментінің қызметкерлері бопсалау мақсатында адам ұрлады деген күдіктіні Әзербайжаннан Астанаға экстрадициялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, Ирада Рустамова алдын ала келісім бойынша адам ұрлады деген күдікке ілінді. Мәліметтер бойынша, мүлігін бопсалау үшін зорлық-зомбылық та қолданған. Қылмыс былтыр Астанада болған. 

"Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық іздестіру органдарынан жасырынып қалған. Соған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазіргі таңда Рустамова Астананың тергеу изоляторында", - делінген хабарламада.  

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.