​АШМ: Қырғызстанда шыққан түйнеме ауруынан Қазақстанға қауіп жоқ

27 маусым 2018 17:59 1472 рет қаралды


ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілдері Қырғызстандағы 11 адам шалдыққан түйнеме ауруына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың айтуынша, Қазақстан нарығына ет жеткізетін қырғызстандық кәсіпорындармен бірлесе жұмыс атқарылады. 

«Жалпы алғанда Қырғызстаннан мал тірі күйінде жеткізілмейді.  Біздің нарыққа мал шаруашылығы өнімдерін жіберетін қырғызстандық кәсіпорындар бар. Ақпарат кеше ғана пайда болды, әзірге 11 адамның түйнеме жұқтырғанын білеміз. Енді қырғызстандық әріптестерімізбен жұмыс істеп, нақты қандай шараларды жүргізуді шешу керек. Ең алдымен еттің қайдан жеткізілгенін анықтау керек. Әзірге карантин жарияланған жоқ, тыйым салынған жоқ. Келіп кетер қауіп те жоқ», - деп жауап берді журналистер сұрағына ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Арман Өтеғұлов. 

Еске сала кетсек, Қырғызстанның Жалалабад облысында түйнеме жұқтырды деген жорамалмен 11 адам ауруханаға жатқызылды. Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері түйнеме жұқтырғандардың барлығы мал союға қатысқанын хабарлады.

Дереккөз: inform.kz



Тақырып бойынша жаңалықтар



Array
Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.