​Жеті мемлекеттің азаматтары үшін АҚШ-тың есігі жабылды

27 маусым 2018 12:20 1523 рет қаралды


АҚШ-тың Вашингтон, Нью-Йорк және Лос-Анджелес сияқты ірі қалаларында халық жаппай ереуілге шықты. Олар Жоғарғы соттың Дональд Трамп саясатын қолдап, бірнеше мемлекет азаматтарының АҚШ-қа кіруіне рұқсат бермеуіне наразы. Бұл елдер қатарында Иран, Ливия, Сомали, Сирия, Йемен, Солтүстік Корея мен Венесуэла бар. Наразылық акциясына қатысушылар қатаң миграциялық саясатты айыптап, үкіметке қарсылықтарын білдірді. 

Еске сала кетейік, осыған дейін елдегі негізгі 9 соттың бесеуі президент саясатын қолдаған болатын. Олар АҚШ конституциясы бойынша мемлекет басшысының ұлттық қауіпсіздікке байланысты шешіміне ешқандай шектеулік қойылмайтынын алға тартты. Енді аталған 7 мемлекет азаматтарына АҚШ-қа кіруге рұқсат жоқ. Себебі олар «имигранттық» және «имигранттық емес» виза түрлерін ала алмайды. 

Айта кету керек, Венесуэланың шенеуніктері және олардың отбасы мүшелеріне туристік және іссапар визаларына тыйым салынады. Өз кезегінде Ақ үй басшысы осы оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап, бұны АҚШ-тың ұлы жеңісіне бағалады. 

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

– Бұл керемет жеңіс. Азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қатаң тәртіп орнатуымыз керек. Жоғарғы соттың шешімі бұқаралық ақпарат құралдары мен демократтардың қателесіп келгенін көрсетті. Мен АҚШ халқының бостандығы мен қауіпсіздігі үшін аянбай еңбек етемін. Сондықтан да ел басқаруға келдім. Ендігі кезекте Мексикамен шекарадағы бекіністі қаржыландыру мәселесін шешеміз. 

БЛИЦ: 

– Жоғарғы соттың шешіміне түк те таң қалмаймын. АҚШ-тың 33 пайызы президенттің нәсілшіл саясатын қолдағанда, бұл жаңалыққа несіне таңырқайын. Бүгінгі наразылық шеруі арқылы АҚШ халқына ұйқыдан оянатын кез келді дегім келеді. Әрі қарай қайда бара жатқанымызды түсіне алмаймын.

– Өз елімнің жоғарғы соты осындай шешім қабылдағаны үшін ұяламын. Осы акцияға қатысу арқылы мен оларды қолдамайтынымды көрсеткім келді.

Дереккөз: 24.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.