Грузия премьері отставкаға кетуден бас тартты

1 маусым 2018 14:56 778 рет қаралды

Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили (ортада) наразылық танытушылардың өзіне сөз беруін күіп тұр. Тбилиси, 31 мамыр 2018 жыл.


Грузия премьер-министрі Георгий Квирикашвили Тбилисидегі наразылық акциясына шыққандардың отставкаға кету туралы талабын орындаудан бас тартты. Бұл туралы Грузия үкіметінің сайтында хабарланды.

31 мамырда Тбилисиде парламент алдына мыңдаған адам жиналып, былтыр желтоқсанда екі жасөспірімнің өлімі бойынша қылмыстық істің бұзылғанына кінәлі деп санайтын шенеуніктерді жазалауды талап еткен. Кісі қолынан қаза тапқан жасөспірімдердің бірі Заза Саралидзе бас прокурор мен прокуратураның басқа да қызметкерлері қылмыс жасаған адамды қорғаштап отыр және айғақтарды жойып жіберді деп біледі.

Акцияға қатысқандар әуелде бас прокурор Ираклий Шотадзенің отставкаға кетуін талап етіп, прокурор отставкаға кеткен. Бірақ шерушілер бұған көңілі толмай, енді үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Наразылық акциясында сөйлеуге мүмкіндік берілмеген Квирикашвили брифингте істі тергеуді ішкі істер министрі Георгий Гахарияның өзі қадағалайтынын хабарлады.

200-ге тарта адам 1 маусымға қараған түні парламент алдында шатырларда түнеп шықты. Акцияны ұйымдастырушылар қарсылықты бүгін де жалғастыратынын мәлімдеді.

Дереккөз: azattyq.org


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.