Қытай Шанхай Ынтымақтастық Ұйымынан пайдаланып АҚШ-тың орынын иеленбек

31 мамыр 2018 11:28 1313 рет қаралды


ШЫҰ-ның кезекті отырысы Қытайдың Чиңдау жерінде 9 маусымда басталады. АҚШ пен Иран қарым-қатынасы ушығып тұрған кезде, Қытай басшысы Ши Жинпиң Иран президенті Хасан Руханимен арнайы кездесу өткізбек. КХР мен ИИР басшыларының кездесуі Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 9-10 маусым күндері өтетін жиналысына орай өтеді деп күтілуде. 

Ақпарат көздерінің мәліметіне қарағанда, Иран президенті ШЫҰ мәжілісінде Иран ядролық мәселесін ортаға қоймақ. Мамырдың соңында Құрама Штат Иран ядролық келісімінен бас тартқаннан кейін, Қытай бұл вакуумды толтыруға әзір екенін білдіріп отыр. Қытай басшысы осыған дейін де 2015 жылғы Иран ядролық келісіміне табанды болатынын жеткізген. Ал президент Трамп мәлімдемесінде, бұл келісімнен бас тартуға себеп болатын үлкен бір проблема бар екенін алға тартқан. Пәкістандық халықаралық сарапшы Ливиз VOA News-ке берген сұхбатында, Қытай ШЫҰ жиналысынан пайдаланып өзінің ықпалын арттыруға мүмкіндік алады және Иранмен сауда байланысын дамытуға орай табады. Себебі, Иран мәселесіне байланысты Құрама Штаттың Таяу Шығыстағы орны босап қалды. Қытай бұл орынды иеленуге тырысады. Естеріңізде болса, Астанада өткен ШЫҰ отырысында терроризм, сепаратизм, экстремизм және киберқауіпсіздік мәселелері талқыланады. Ал, кезекті жиналысқа Иран президентінің қатысуы бұл ұйымның Иран ядролық мәселесін талқыға салатынын анық көрсете бастады. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Ресей және Қытай сынды екі негізгі лидері Пәкістан, Үндістан және Иранды Батыс елдерінен көрі іргелес жатқан өздерімен ынтымақтасуға шақыруы мүмкін. Жоғары да аталған пәкістандық сарапшының айтуынша, Қытай мен АҚШ қарым-қатынасының алдағы жағдайы кезекті ШЫҰ отырысының декларациясына тікелей байланысты. Алайда, екі ел тым ауқымды экономикалық мүддеге байланған, сондықтанда ынтымақтастықты жалғастыра беруі мүмкін. Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы 2001 жылы құрылған (1996 жылы Шанхай бестігі деп аталған). Мақсаты – аймақтық қауіпсіздік мәселелерін ортақ шешу. Соңғы кезде ислам экстремизміне ортақ қарсы тұру бағыты көбірек назарға алынған. Құрамында Қытай мен Ресейден тыс, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдері бар. Былтыр Астана отырысында Үндістан мен Пәкістан аталмыш ұйымға мүше болып кірді. Бұл ШҰЫ-ның территориялық, халық саны, экономика және ядролық салмағын арттыра түсті. Сонымен бірге, Иран Ислам Республикасы да аталған ұйымға мүше болуға үміткер.

Дереккөз: qazaqtimes.com 


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.