Қытай ресейліктер үшін визаны алып тастады

18 сәуір 2018 17:34 1051 рет қаралды


Қытайлық билік ресейлік туристерге Хайнань аралына барған жағдайда визалық режимді алып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қытайдағы жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

«2018 жылдың 1 мамырынан бастап Хайнань провинциясының ашықтығы мен жан-жақты саясат реформасын нығайту және қолдау аясында 59 елден келетін туристерге визасыз режим жүзеге асырылатын болады», - деп хабарлайды Қытайдың ақпарат құралдары мемлекеттік көші-қон басқармасына сілтеме жасап.

2017 жылы Хайнань аралында 284 мың ресейлік болды. Аралда орналасқан Санья қаласына Ресейдің қалаларынан тікелей ұшатын рейстер бар. Олар Мәскеу, Екатеринбург, Новосібір, Иркут, Краснояр, Владивосток, Хабаров және Улан-Удэ.

Бұдан басқа, Хайнаньға визасыз ресейліктерден басқа тағы елу сегіз елдің азаматтары келе алады. Олардың қатарында Ұлыбритании, Франция, Украина, Италия мен Грекия бар.

Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.