Жемқорлығын мойындаған экс-президент өз еркімен берілді

8 сәуір 2018 15:15 1029 рет қаралды


Бразилияны 2003 жылдан бастап 2011 жылға дейін басқарған президенті Луис Инасиу Лула да Силва полицейлерге өз еркімен берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

"Оны Сан-Бернарду-ду-Кампу қаласында федералдық полицейлер алып кетті" - деп жазады жергілікті ақпарат құралдары.

Оның жақтастары бұған жол бермеу үшін қолдан келгенін істеген. Алайда әрекеттерінен ештеңе шықпады.

Айта кетейік, экс-президентке жемқорлықпен айналысты деген айып тағылған. Қаңтар айында сот оны 12 жыл және 1 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Бірақ Лула да Силваның жазасын қай жерде өтейтіні жарияланған жоқ. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартып отыр.

Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.