"Ресейдегі президент сайлауы қалай өтті?". "Ресей мен Ұлыбритания қатынасы тарихтағы ең шиеленісті жағдайға жетті". "ШЕНДІЛЕР КОНКУРСТАР МЕН ТЕНДЕРЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ НЕГЕ ЖАСЫРАДЫ?". "ОРЫСТАР ҚАНДАЙ ҚЫЗДЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕН?".

19 наурыз 2018 11:06 1782 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. "Вакцина салдыруға қарсы ата-ана көбейген" - Қазақстанда баласына вакцина салдыруға қарсылық білдірген тұрғындар саны бір жылдың ішінде шамамен екі мың адамға артқан. Мамандар екпе салдырудан бас тарту адам өміріне қатерлі дертке себеп болуы мүмкін екенін ескертеді.

ABAI.KZ. "Алматылықтар ұзын-сонар кезекке тұрып "Путинге дауыс берді"..." - Алматыдағы Ресей бас консулдығы алдында Ресейдегі президенті сайлауына дауыс беру үшін таңертеңнен бастап ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

QAMSHY.KZ. "Ресейдегі президент сайлауы қалай өтті?" - Мәліметтерге сүйесек, сайлау кезінде Владимир Путин 76% дауыс жинады. Екінші орында КПРФ үміткері Павел Грудинин, содан кейінгі орынға ЛДПР лидері Владимир Жириновский, одан соң Ксения Собчак жайғасты. Калған үміткерлер бірде-бір пайыз дауыс жинамаған.

365INFO.KZ. "«Халықта ақша жоқ…». Қазақстанда ескі көліктерге сұраныс артып келеді" - Тапқан табысы күнделікті ішіп-жеуінен артылмайтын қарапайым халық «қанағат қарын тойдырады» деген қағиданы басшылыққа алып, ескі көлікті місе тұтуға көшкен сыңайлы.   2018 жылғы қаңтар-ақпан айларында елімізде ескі автокөлікті сатып алу мен сату көлемі артты. Түрлі деректер бойынша, ол 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 15,6-дан 22 процентке дейін артқан.

QAZAQTIMES.COM. "Ресей мен Ұлыбритания қатынасы тарихтағы ең шиеленісті жағдайға жетті" - Ұлыбритания үкіметі 23 ресейлік дипломатты елден шығарғаннан кейін, Мәскеу билігі де қарымтасын қайтарды. Кремльдің шешімімен 23 британиялық дипломатты елден шығаруға бұйрық берді. Естеріңізде болса, Ұлыбритания үкіметі «ресейлік агентке аса улы затпен қастандық жасау» ісіне Мәскеуді айыпты деп тауып, Ресей дипломаттарын елден қуған болатын. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.  

"«Таңдаусыз сайлау» немесе Путин қалай жеңіске жетті?" - Ресей Федерациясының бұрынғы және су жаңа президенті Владимир Путинді Қазақстан, Қырғызстан, Сербия, Боливия және Венесуэла басшылары сайлаудағы жеңісімен құттықтап үлгерді. Ол наурыз айының 18-і күні өткен президент сайлауында халықтың 76,65 пайыз дауысын алып, төртінші рет Ресей Федерациясының президенті атанды. Жексенбі күні өткен президент сайлауына ресейлік тәуелсіз сарапшылар мен саясаткерлер қандай баға берді? 

EGEMEN.KZ. "Станимир Стойлов: Талабымды орындайтын футболшыларға сенім артамын" - Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стойлов алдағы жолдастық кездесулер алдында өзінің алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді. Естеріңізге сала кетейік, ұлттық құрама 23 және 26 наурыз күндері Венгрия және Болгария құрамаларына қарсы ойнайды. Станимир Стойлов журналистердің маңызды деген бірқатар сұрақтарына жауап берді.

TURKYSTAN.KZ. "ШЕНДІЛЕР КОНКУРСТАР МЕН ТЕНДЕРЛЕР ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ НЕГЕ ЖАСЫРАДЫ?" - Талдықорғанда өткен Отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсету шеңберінде сатып алу саласындағы жұмыс комиссиясының кезекті отырысында Қапшағай қаласы мен Панфилов ауданы әкімдіктерінің және ауыл шаруашылығы басқармасының жергілікті өндірушілерді қолдау мәселелері бойынша жұмыс қорытындылары тыңдалды.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Вице-министр ер азаматтар 55 жасында зейнетке шыға алатынын айтты" - ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында зейнетақы төңірегіндегі сауалдарға жауап берді.

AIKYN.KZ. "ОРЫСТАР ҚАНДАЙ ҚЫЗДЫ ЖАҚСЫ КӨРГЕН?" - Ертедегі Русь елінде жергілікті халық толықша келген, жамбасы кең, екі беті нарттай әйелдерді сулылық идеалы санаған. Олардың жанында арық қыздар туралы әңгіме болмаған. Қабырғасы көрініп, жауырыны жалпайған, жақ сүйегі үрпиген,  сүйектері көрінген аруларды кедейдің қызы немесе ауру ретінде санаған.  Орыс қыздары көбінесе ата-анасы дұрыс тамақтандырмаған жағдайда ғана бойына ет жинамаған. Демек, отбасы қаншалықты кедей болса, болашақ құдалар жағы оларға қараған.

MINBER.KZ. "Eldeç Orda:  «Шарқи Түркістан мен Чин Түркістан мәселесі»" - Бұл суретте қытайдың Шыңжаң (新疆) провинцсиясындағы (өлкесіндегі) негізгі әскери күші шоғырланған өңірлердің картасы. Қытай коммунистерінің тілінде айтқанда Шыңжаң Өндіріс-Құрлыс Корпусы немесе Шыңжаң Өндіріс-Құрлыс Базасы (新疆生产建设兵团). Олай деп атауының басты себебі- Шыңжаң ашылмаған тың өлке болғандықтан коммунистердің алғашқы әскери легі тыңнан жер игеріп, тыңнан әскери қала салуына, соғуына тура келген. Сол себепті коммунист әскерлер һәм қорғаныс қолғанаты һәм өндіріс пен құрлыстың барып кел, шауып кел жұмысшысы болған. Бажайлап картаға қарап отырсаңыз, қытай коммунистерінің әскери қорғаныс корпусы мен соғыс казармасы ҚАЗАҚтар шоғырлы қоныс тепкен солтүстік Шыңжаңға жиы орыналасқан. Іле аңғары, Манас өзенінің күнбатыс-күншығыс жақтары, Тарбағатайдың Үрімжіге тұспатұс мидай жазық иен боздаласы мен Қазақстанмен шекара тұсы және Алтай тауларының шекара жақтары сонымен бірге Еренқабырғамен кіріскен тау қапталдары дерліктей қытай коммунистерінің әскери қорғаныс базасына айналған. Мұның түпкілікті себебі не?





Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.