​Түркия Германияға қарсылық нотасын жіберді

13 наурыз 15:10 463 рет қаралды


Түркия Германияға қарсылық нотасын жіберді – деп хабарлайды Daily Sabah газеті. 

Басылым мәліметінше, Түркия билігінің Германияға қарсылық нотасын жіберуіне Берлин қаласындағы мешіт пен түрік мәдениет орталығы ғимаратының өртке орануы себеп болған. 

Қарсылық нотасында ресми Анкара Германия билігінен ел аумағындағы Түркия азаматтарын өз деңгейінде қорғауды сұраған.

Берлин полициясының хабарлауынша, Райникендорф ауданында орналасқан «Түрік-ислам одағы» ғимаратының өртке орануының саяси астары бар. Себебі ұйымның Германия бойынша 900-ге жуық бөлімшесі бар және олардың барлығы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен байланысты. 

Алдын ала болжамдар бойынша, ғимаратқа ресми Анкара саясатымен келіспейтін Германиядағы күрд диаспорасының өкілдері өртеуі мүмкін. 

Дереккөз: “The Qazaq Times


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.