Арменияда жаңа президент сайланды

2 наурыз 2018 15:24 1095 рет қаралды


Арменияның төртінші жаңа президенті болып Армен Саркисян сайланды. Дауыс берудің нәтижесін санақ комиссиясының төрағасы Гагик Меликян пленарлық отырыста жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости сайтына сілтеме жасап.

Сайлауда Саркисянға 90 депутат қолдау білдіріп, 10 депутат қарсы дауыс берген. Бір бюллетень жарамсыз деп танылған. Жаңа президенттің кандидатурасын төрт парламенттік фракцияның үшеуі қолдаған, олар - «Республикалық партия», «Армян революциялық федерациясы» және «Дашнакцутюн» блогы. Ал «Эльк» фракциясының депутаттары қарсы болған.

Саркисян өз тарапынан депутаттарға қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.

«Мен Арменияға қызмет етуге бар күшімді саламын және бүкіл халықтан да осыны күтемін», - деді ол.

Саркисян бұрын парламентте сөйлеген сөзінде, елдің басқару жүйесі экономикалық және қоғамдық өмірде де елеулі өзгерістер кезеңіне жеткенін айтқан болатын. Ол халықты ұлттық бірлікке шақырып, Арменияға әлеуметтік әділеттілік пен сыбайлас жемқорлықтың жойылуы керек екенін айтты. Ал маңызды міндердің қатарына азаматтық қоғамның дамуын, білім беру мен демография саласындағы мәселелердің шешілуін жатқызды.

Саркисян сайланарға дейін Арменияның Ұлыбританиядағы елшісі болды. Сондай-ақ, оны президенттік кандидатураға қазіргі мемлекет басшысы және республикалық партияның жетекшісі Серж Саргсян ұсынды.

Жаңа мемлекет басшысы өз қызметіне 9 сәуірде кіріседі.

Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.