Молдовадағы телеарнаға Ресей туралы жаңалық көрсеткені үшін айыппұл салынды

27 ақпан 2018 09:35 830 рет қаралды


Бұл жуырда қабылданған Заң аясындағы алғашқы айыппұл. Аталған Заңның негізінде ұлттық телеарналарға ресейлік жаңалықтар мен аналитикалық-ақпараттық бағдарламаларды көрсетуге тыйым салынған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Теле және радио хабарлау бойынша Молдова кеңесі РТР-Молдова телеарнасына айыппұл салды. Аталған арна Ресей жаңалықтарын көрсеткен. Айыппұл көлемі – 50 мың лье (шамамен үш мың доллар).

РТР-Молдова бас директоры Евгений Сергеев РИА Новости басылымына берген сұхбатында кеңестің шешімімен келіспейтіндігінен және осы мәселеге байланысты сотқа дейін баратынын айтты.

Дереккөз: Baq.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.