​Иракта ДАИШ ұйымына қатысы бар делінген 16 түркиялық азаматша өлім жазасына кесілді

26 ақпан 2018 09:21 832 рет қаралды


Ирактың қылмыстық істер жөніндегі орталық соты ДАИШ террористік ұйымына қатысы бар деген себеппен Түркияның 16 азаматшасын өлім жазасына кесті, - деп хабарлайды РИА Новости

"Ирактың қылмыстық істер жөніндегі Түркияның 16 азаматшасына қатысты істі қарай отырып, олар ДАИШ ұйымына қатысы бар екенін растады. Сот терроризмге қарсы күрес жөніндегі заңға сәйкес, айыпты деп танылған әйелдерді өлім жазасына кесті", - делінген соттың үкімінде. 

Жоғарғы сот кеңесінің өкілі Абдель Саттара Биркадардің айтуынша, тергеу барысында әйелдер кінәсін мойындап, Иракка ДАИШ мүшелеріне тұрмысқа шығу үшін келгенін айтқан. 

Айта кетейік, осыған дейін де Бағдадта  Түркия азаматшасы ДАИШ ұйымына қатысы болғаны үшін өлім жазасына кесілген болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz


Тақырып бойынша жаңалықтар



Бұл жаңалыққа комментарий жазуға тыйым салынған.